Сәлем, достар 💐

Сәлем, достар 💐

Бүгін сіздерге жастарға арналған “Алғашқы жұмыс орны”
жобасы туралы ақпарат береміз.⬇️⬇️⬇️⬇️

📍 Бұл бағдарлама - жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Жобаға кім қатыса алады ❓
- Жұмыс іздеп жүрген жас түлектер
- Жасы 35 тен аспаған
- Жұмыс тәжірибесі жоқ жастар қатыса алады

Қандай құжаттар қажет ❓
- Жеке куәлік;
- Білімі туралы дипломның көшірмесі ,
- Арнайы білімін немесе кәсіптік дайындығын растайтын құжат.

Қайда жүгіну керек ❓
- Тұрғылықты мекен-жайы бойынша Мансап орталығына

Жобаға қатысушы кемінде 2️⃣4️⃣ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады.
Жалақы 30(АЕК) құрайды (30х3 692 = 110 760)