Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына!

Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына!

 Ағымдағы  жылдың 30 мамыр күні  жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Қазақстанның барлық облыстың барлық өңірлерінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан бастау алады.

Науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат келіп, елдің ең үздік заң өкілдерінен тегін қажет кеңес ала алады. Олардың арасында – белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдар басшылары мен басқалары бар.

Науқанды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, zakon.kz жүйелі басылым, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қазақстанның мемлекеттік билік органдары және ең үздік заңгерлер мен адвокаттар.

«Халық заңгері» науқанын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдары науқанға 8000-ден астам ең үздік сарапшылар және мемлекеттік органдардың шешім қабылдайтын тұлғалары деңгейіндегі өкілдер қатысты. Құқықтық көмек алуға өтініш білдірген азаматтардың 165 000-нан астамы кеңес алды.

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абая көшесі, №314А  мекен жайда Есік қаласында орналасқан Еңбекшіқазақ ауданының «халыққа қызмет көрсету орталығында» сағат  11.00-де өткізіледі.