ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Құрметті аудан тұрғындары, Еңбекшіқазақ аудандық терроризмге қарсы жедел штабы терроризмге қарсы оқу-жаттығу шараларын өткізуде.

2024 жылғы 2 мамыр Еңбекшіқазақ ауданында Есік қаласы, дене шынықтыру-сауықтырукешенінің алаңында, терроризмге қарсы оқу жаттығу шаралары өтуде.

Осыған байланысты Есік қаласының тұрғындары мен қонақтары сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге
тартылған құқық қорғау органдарының, заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезегінде шектеу шаралары өткізілетін болады. Көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының, қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.

Сондай-ақ, Есік қаласы тұрғындарының назарына! ҚР ЭКБТК 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның, заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп
соғады.

Еңбекшіқазақ аудандық жедел штабы