2006 жылы және одан кейін туған және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын барлық балалар олардың барлық деректері Мемлекеттік дерекқорға дұрыс енгізілген жағдайда "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысады. Сондықтан қазір ата-аналарға не істеуі керек:
1) баланың жеке басын куәландыратын құжатты (балалардың азаматтығын айқындау үшін) алу қажет;
2) деректемелердің бар-жоғын және дұрыстығын тексеру: кәмелетке толмаған баланың Т. А. Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
3) өзінің жеке кабинетінде "электрондық үкімет" веб-порталында (www.egov.kz) "балалар туралы мәліметтер" бөлімінде балалар туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру қажет.