Алдағы күрделі жөндеу ұзақ уақытты қажет етеді. Білім беру үдерісіне бөгет болмас үшін мектептің 840 оқушысы Шелек ауылының мектептеріне уақытша ауыстырылды. Ал интернатта тұратын оқушылар Сөгеті ауылының мектебінде оқуда.
Бүгінгі таңда құрылысшылар шатыр мен терезелерді, дәліздегі және сыныптардағы қабырғаларының сыртын ауыстыруда. Ауқымды жөндеу жұмыстары мектеп ғимаратында ғана емес, мекеменің іргелес аумағында да жүргізілетін болады. Күрделі жөндеу мектептің барлық кабинеттерін қамтиды. Мекеме қабырғаларында инженерлік желілер толығымен ауыстырылады: кәріз, электр желілері, су бұру, желдету және жылыту жүйелері, сондай-ақ жаңа шатыр орнатылады, қасбеті жаңартылады, жаңа қоршаулар орнатылады.
Айта кетсек, аталмыш мектеп 1991 жылы салынған болатын, содан бері күрделі жөндеуді көрмеген.