2023 жылғы 20 тамызда Балтабай ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.

2023 жылғы 20 тамызда Балтабай ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.

Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады: Балтабай ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6586 азамат енгізілді, олардың 3394-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 77, "Бәріне қарсымын" деген жолда – 30, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылар саны – 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны - 46.
Әкімге үміткерлер саны – 4 адам, 3 адам - өзін-өзі ұсыну арқылы және 1 адам "AMANAT" партиясынан ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Алипова Сауле Базарбаевна – 1736 (52,81%); Нурбеков Дидар Балтабаевич – 24 (0,73%); Салыкбаев Сагымбек Абдыкадырович – 1522 (46,30%), Тустукбаев Баглан Ахихатович - 5 (0,15%) .
Балтабай ауылдық округінің сайланған әкімі Алипова Сауле Базарбаевна, 1964 жылы туған, Балтабай ауылдық округі әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы, Бірлік ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.