Ағымдағы жылдың 05 маусымында Алматы облысының полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция полковнигі Нұрдәулетов Мурат Нұрғайыпұлы Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Полиция полковнигі Мурат Нұрдәулетов 1969 жылы Кеген ауданында дүниеге келген.
Бұған дейін Райымбек аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
Сонымен қатар түрлі қызметтерде, соның ішінде Алматы облысы бойынша басшылық лауазымдарында қызмет атқарған болатын.