2023 жылғы 12 ақпанда Масақ ауылдық округі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Әкімге үміткерлер саны – 3 адам, 2 адам - өзін-өзі ұсыну арқылы және 1 адам "AMANAT" партиясынан ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Жақабай Руслан Рыскелдіұлы – 1686 (79,6%); Сарғожанов Ринат Серікқанұлы – 208 (9,8%); Ыдырысов Аян Тұражанұлы – 217 (10,2%).
Масақ ауылдық округінің сайланған әкімі Жақабай Руслан Рыскелдіұлы, 1983 жылы туған, Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы, Қ.Ұлтарақов ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 12 ақпанда Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округі сайланған әкімі болып тіркелді.