МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 14 наурыздағы №1202 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылғы қыркүйек–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне (бұдан әрі – ҚР МКҚ) мерзімді әскери қызмет өткеру үшін азаматтарды іріктеу жұмыстарына ерекше назар аударылуда.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 3-тармағына сәйкес ҚР МКҚ-ға мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін іріктеу басымды болып табылады.

ҚР МКҚ – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасының Президентін, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ҚР МКҚ қатарында мерзімді әскери қызмет өткеру азаматтарға әскери тәртіпті меңгеруге, дене дайындығын жетілдіруге, жауапкершілік пен Отан алдындағы борышын орындау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына белгіленген тәртіппен келіп, медициналық куәландырудан және қажетті іріктеу рәсімдерінен өтеді.

ҚР МКҚ-да мерзімді әскери қызмет өткеруге ниет білдірген азаматтар белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуден өтеді.

Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу – әр азаматтың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі.

Мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесі бойынша Есік қаласы 322А, Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жүгінуді ұсынамыз.