Еңбекшіқазақ ауданы Мансап орталығына жаңа директор тағайындалды

Еңбекшіқазақ ауданы Мансап орталығына жаңа директор тағайындалды

«Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің бұйрығымен Мухатова Асель

Жұмағазықызы 2026 жылғы 11 тамыздан бастап Еңбекшіқазақ ауданы Мансап орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны қызметке тағайындау рәсіміне арнайы Алматы облысының Еңбек мобильдігі орталығы директорының орынбасары Нұсқабай Абзал Санжарұлы келіп, ұжымға таныстырды және жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Мухатова Асель Жұмағазықызы 1991 жылғы 9 қазанда дүниеге келген.
Жоғары білімі:
2014 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

* 2013 жылы Алматы қаласы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Алматы қалалық филиалында маман қызметін атқарған;
* 08.09.2014 – 01.04.2019 жж. – Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінде хатшы;
* 17.05.2022 – 01.07.2022 жж. – Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында ассистент;
* 01.07.2022 – 29.09.2022 жж. – аталған орталықта негізгі қызметкер, кеңесші;
* 29.09.2022 – 13.12.2022 жж. – Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет бөлімінде бас маман міндетін атқарушы;
* 14.12.2022 – 10.08.2026 жж. – Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

Асель Жұмағазықызының мемлекеттік қызмет саласында және халықты жұмыспен қамту бағытында жинақтаған тәжірибесі жаңа қызметінде үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.

Жаңа қызметіңіз құтты болсын!
Жауапты қызметіңізге табыс, жұмысыңызға береке, халыққа сапалы қызмет көрсетуде толағай жетістіктер тілейміз! Еңбек саласын дамыту жолындағы бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!