«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты аудандық сурет байқауы өтті

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты аудандық сурет байқауы өтті

Еңбекшіқазақ ауданында жас ұрпақтың бойында адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты аудандық сурет байқауы өз мәресіне жетті. Іс-шара Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тау Жаңашар» балалар лагерінің базасында өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық құндылықтарын дәріптеу және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты нығайту. Қатысушылар өз туындылары арқылы әділ қоғамның маңызын, заң мен тәртіптің үстемдігін және адал азаматтың бейнесін шығармашылық тұрғыдан көрсете білді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары анықталды:
І орын – Әскертаева А.
ІІ орын – Қайрат А.
ІІІ орын – Кузьмина Н.
Сонымен қатар, ерекше шығармашылық көзқарас танытқан қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
«Қоғамдық әсері жоғары картина» – Талғат Д.
«Ең шығармашыл картина» – Аясарова М.
«Ең инновациялық көзқарас» – Донг Д.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділік танытып, байқауға атсалысқандары үшін алғыс білдірді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тіледі.
Осындай тағылымды шаралар жас буынның азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, қоғамдағы адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға зор үлес қосады.