
Құрметті аудан тұрғындары, Еңбекшіқазақ аудандық терроризмге қарсы жедел штабы терроризмге қарсы оқу-жаттығу шараларын өткізуде.
2026 жылы 14 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданында Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің аумағында, терроризмге қарсы оқу жаттығу шаралары өтуде.
Осыған байланысты Есік қаласының тұрғындары мен қонақтары сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге
тартылған құқық қорғау органдарының, заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезегінде шектеу шаралары өткізілетін болады. Көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының, қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.
Еңбекшіқазақ аудандық жедел штабы