Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі болып Рысбаев Есбол Токхожаевич сайланды

Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі болып Рысбаев Есбол Токхожаевич сайланды

2026 жылғы 26 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек би ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлау науқанына барлығы үш кандидат қатысып, тұрғындар өз таңдауларын жасады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар арасында айқын басымдықпен Рысбаев Есбол Токхожаевич жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 2754 дауысын жинап, өз қарсыластарынан едәуір озып шықты. Ал Әжібек Еламан Сапарғалиұлына 594 адам дауыс берсе, Егинбаев Канат Булатович 428 дауысқа ие болды. Сонымен қатар, «барлығына қарсы» белгісі қойылған бюллетеньдер саны 31-ді құрады.

Сайлау нәтижесінде 1987 жылы туған, Бәйдібек би ауылының тұрғыны Есбол Токхожаевич Рысбаев ауылдық округтің әкімі болып ресми түрде сайланды.