«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін жария талқылау

«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін жария талқылау

2026 жылдың 24 сәуір күні 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі есебінің жария талқылауы аудандық жер қатынастары бөлімінің ғимаратында өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы мәселелері қарастырылды.
Жария талқылаудың нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынып, атқарылған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп жиынға қатысушылар бір ауыздан шешім қабылдады.

«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ