Қызметкерлер арасында семинар

Қызметкерлер арасында семинар

Малыбай ауылдық округі әкімінің аппаратында мамандарға арналған оқыту өткізілді
Малыбай ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында мамандарға арналған оқыту іс-шарасы өткізілді.
Оқыту барысында 2026 жылғы 9 қаңтардағы №254-VIII Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелері қарастырылып, сәулет, қала құрылысы, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету саласындағы өзгерістер түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша мамандарға заңнаманы практикалық қызметте қолдану бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.