Қызметкерлер арасында семинар

Қызметкерлер арасында семинар

Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызметтер туралы” Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Аталған іс-шара барысында қызметкерлерге Заңға енгізілген жаңа нормалар мен талаптар кеңінен түсіндіріліп, сондай-ақ Заңның атауының “Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы” болып өзгертілуіне байланысты негізгі жаңашылдықтар таныстырылды. Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, азаматтарға қолжетімді әрі тиімді қызмет ұсыну мәселелері талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады.