
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізді.
Жұмыс сапарының нәтижесінде мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде олардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бірқатар бұзушылықтары анықталды.
Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында соқыр және нашар көретін адамдар үшін ғимарат ішіндегі баспалдақтар мен есіктердің орналасуын білдіретін контрастты белгілердің бояуы өшкен. Күту залында келушілер үшін кондиционер, ақпараттық теледидар және мүгедектігі бар адамдарға бейімделген санитариялық торап қарастырылмаған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы 2-ші қабатта орналасқан. Сондай-ақ мемлекеттік органның атауы көрсетілген маңдайша стандарт талаптарына сәйкес келмейді және мекеменің жұмыс кестесі орналастырылмаған.
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде күту залында келушілер үшін кондиционер орнатылмаған. Мүгедектігі бар адамдарға бейімделген санитариялық торап қарастырылмаған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақта қар тазалау жұмыстары жүргізілмеген.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар беріліп, оларды жою мерзімдері белгіленді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі