
Қар жаууы 16 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында басталып, қазіргі уақытқа дейін тоқтаусыз жауып жатыр. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, үзілістермен жауын-шашын 18 қаңтар күні түске дейін сақталады деп болжануда.
Есік қаласы бойынша қар тазалау жұмыстарына 15 тен астам жұмысшы және 18 арнайы техника жұмылдырылған.
Тәулік бойы жолдардың жүріс бөлігі, тротуарлар, қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілер өткелдері қол күшімен тазартылуда. Көктайғақтың алдын алу мақсатында жол жабындарына арнайы инертті материалдар себілуде.
Арнайы техника көшелерді қарқынды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Түнгі және таңғы уақыттарда негізгі магистральдардан қар шығару жұмыстары атқарылуда.
Қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Түнгі кезекшілік ұйымдастырылды.