ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2025 жылдың 28 қараша күні сағат 17:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Шелек ауылының Бас жоспарына сәйкес, 237 га жаңа құрылысындағы 1 (бір) көшеге тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы жиын өтіп, көше тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.

1

Жобаланған – 24 –  Алиасқар Исмаилов

 

 

Қабылданған қаулы:

Шелек ауылдық округіне қарасты, 237 га жаңа құрылысындағы 1 (бір) көшеге тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру мақсатында, ауылдық округі әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

 

А.ДАУТКУЛОВ,

Шелек ауылдық округі әкімі