
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2025 жылдың 28 қараша күні сағат 17:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шелек ауылының Бас жоспарына сәйкес, 237 га жаңа құрылысындағы 1 (бір) көшеге тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
|
1 |
Жобаланған – 24 – Алиасқар Исмаилов |
Түсіндірме жазбаша хат
Жер мен көше атаулары – ұлттық тарихи санамыздың қайнар көзі. Тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су, ұлттық танымымызға жақын дәстүрлі атаулар арқылы болашағымызға тарихымызды таныту азаматтық парызымыз болып табылады.
|
Алиасқар Исмаилов |
1916 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Малыбай ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Алматы облысы өңірінің экономикалық, әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан азамат. Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1944 жылдан бастап Бүкілодақтық болшевиктер партиясының мүшесі болды. 1932-1934 жылдары Талғар ауылшаруашылық техникумында, 1937-1941 жылдары Алматы заң университетінде, 1941-1942 жылдары Муромск әскери училищесінде, 1948-1950 жылдары жоғары партия мектебінде оқып білім алған. 1941 жылы Муромск әскери училищесінде дайындық курсынан өтіп, 1942 жылы Оңтүстік батыс майданы, 1943-44 жылдары Белорус майданында 61 армия 89 атқыштар корпусы артиллерия басқармасы батареясы штабында байланыс командирі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 ж. Қаз ССР юстиция Халық комиссариаты кадр бөліміне аға консультанты, 1947 ж. Алматы облысы Юстиция басқармасына қызметке қабылданып 1947-1967 жылдары жеті рет аудандық халық соты қызметіне сайланған. 1973 жылы қайтыс болды. |
А.А.ДАУТКУЛОВ,
Шелек ауылдық округі әкімі