
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылдың 21 қараша күні мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, соның ішінде мемлекеттік қызмет алу кезінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта құру бойынша аудан әкімдігінің Жұмыс тобының мүшелері Саймасай және Ташкенсаз ауылдық округі әкімдері аппараттарының жұмысына бақылау посты жүргізілді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік органдар 2022 және 2023 жылдардағы жұмыс сапарлары нәтижесінде анықталған барлық бұзушылықтарды жойды. Іс жүзінде мемлекеттік органдардың екі ғимараты да мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде қозғалысы шектеулі адамдар үшін қолжетімді.
Сонымен қатар, қызмет алушылар үшін ыңғайлы жағдайларды ұйымдастыруда белгілі бір кемшіліктер бар. Әлі күнге дейін қызмет алушылардың күту залдары үшін кондиционерлер сатып алынбаған; суға арналған диспенсерлер бар, алайда тексеру кезінде оларда су болмаған.
Аталған округтердің әкімдеріне тиісті ұсынымдар мен оларды орындалу мерзімі берілді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі