Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл

2025 жылғы 12 қараша күні Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Бұл атаулы күн – мемлекеттік қызмет саласын арттыру, халықтың өмірін жеңілдету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері үшін ерекше мереке.

Салтанатты жиынға Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшесі, мемлекеттік органдардың өкілдері, сала ардагерлері, корпорация қызметкерлері және серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мерейтой барысында азаматтарға сапалы, әрі қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп келе жатқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жыл ішіндегі жетістіктері мен даму кезеңдері атап өтілді.

Ел сенімін ақтап, адал қызмет еткен, корпорацияның алғашқы күнінен бастап бірге келе жатқан азаматтар мен ардагер тұлғаларға ерекше ықылас білдірілді. Еңбегі еленген қызметкерлерге құрмет грамоталары мен төсбелгілер табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Мерейтойлық шарада қатысушылар өткен жылдардағы жетістіктерге көз жүгіртіп, халыққа сапалы қызмет көрсетудің жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

Айта кету керек, осыдан жиырма жыл бұрын 5 қызмет түрін көрсетуден бастаған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, қазіргі таңда тұрғындарға 1300 ден астам қызмет түрін ұсынып отыр.

 «Біздің басты мақсатымыз – халыққа сапалы, әділ, әрі қолжетімді қызмет көрсету. Бұл 20 жыл – қажырлы еңбектің, жауапкершілік пен адалдықтың тарихы», - деді Алматы облысы бойынша филиал директоры Талғат Бектұрсынұлы өз сөзінде.

Мерекелік іс – шара концерттік бағдарламаға ұласып, жылы лебіздер мен шынайы ризашылыққа толы сәттермен аяқталды.