
🎉Сүйінші! “Наурыз Жұмыскер” қайта оралды!
❗️3 қарашадан бастап — өтінімдер қабылданады!
📊 Бағдарлама аясында 2025 жылы 50 млрд теңге көлемінде 2 000 несие беру жоспарланған.
🏦 Өтінімдер Банк бөлімшелерінде қабылданады.
📝 Өтінімді қалай беру керек?
✅ Банк филиалына жүгіну 🏦
✅ Жұмыс орнынан анықтама ұсыну 🧾 (үлгісі hcsbk.kz сайтында жарияланған)
💼 Кімдер қатыса алады?
Бағдарлама келесі салалардағы жұмысшы мамандық иелерін қолдайды:
🔹 өнеркәсіп және құрылыс ⚙️
🔹 энергетика 💡
🔹 көлік 🚛
🔹 ауыл шаруашылығы 🌾
🔹 су ресурстары және ирригация 💧
❌ Офис қызметкерлері (PR-менеджерлер, бухгалтерлер және т.б.) қатыса алмайды.
📌 Қатысу шарттары:
1️⃣ Отбасы банкіне депозит ашу (егер әлі ашылмаған болса) 🏦
2️⃣ Депозитті 2 млн теңгеге дейін толықтыру 💰 (өтінім берер алдында толық соманы енгізуге болады)
3️⃣ Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы мүшелеріңізде тұрғын үйдің жоқтығын тексеруден өту 🏠
4️⃣ Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау 📄
👨👩👧👦 Отбасы мүшелері – жұбайы/зайыбы және кәмелетке толмаған балалары. Егер үміткер некеде тұрмаса, тек өзі тексеріледі.
🏡 Несиелеу шарттары:
📍 Астана және Алматы – 36 млн тг дейін
📍 Облыс орталықтары – 30 млн тг дейін
📌 Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады 🏢
📌 Ауылдық аймақтар мен моноқалаларда екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар 🏘
💰 Бастапқы жарна:
Таза әрленген бастапқы
тұрғын үй үшін - 10%-дан бастап
Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін - 20%-дан бастап
💸 Несие мөлшерлемесі:
🔹 7% (СЖТМ 7,1–9,6%) – әлеуметтік осал топтардағы азаматтар үшін, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға
🔹 9% (СЖТМ 9,4–13%) – барлық басқа үміткерлер үшін
⏳ Несие мерзімі: 19 жылға дейін
🏘 Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
🏢 Бірінші нарықтағы тұрғын үй – Астана, Алматы және облыс орталықтарында
🏡 Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үй – моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.