Халықтың тығыз қоныстануына байланысты осындай аумақтарға тән бірқатар өзекті мәселелер туындайды. Соңғы үш жыл ішінде облыста осы түйткілдерді шешуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жаңғыртылуда, үш ауысымды оқытуды жою үшін жаңа мектептер салынуда. Мәселен, ондай мектептердің саны екі есеге, 52-ден 28-ге дейін қысқарды. Инвесторларды тарту нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыс орындары құрылды. Сондай-ақ облыстың меншікті кірістері айтарлықтай өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша Алматы облысы Республикада үздік 5 аймақтың қатарына енді. Аталған жетістіктер халықпен бірлесіп жүргізілген нәтижелі жұмыстың жемісі.
Үйлестірілген жұмысты жалғастыру үшін, өңіріміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды бастамаларды бөлісіп отыру мақсатында әлеуметтік желіде өз парақшамды аштым.
Алматы облысының өркендеуі үшін кез келген конструктивті ұсыныстарды қабылдауға әрдайым дайынмын.
Әр пікір, әр ұсыныс, әр ой – ортақ іске қосылған үлес деп білемін.
Халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен бірлік – өркендеудің ең басты кепілі!