2025 жылдың 29 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Т.Байедиловтың қатысуымен аудандық активтің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткен тапсырмаларын орындау бойынша атқарылатын іс-шаралар ретін анықтап алу мәселесі қаралды.
Актив жиынына аудан әкімінің орынбасарлары, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен бөлімдердің басшылары, кәсіподақтар мен жастар ұйымдары, мәслихат депутаттары мен журналистер, ақсақалдар мен әйелдер, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Т.Байедилов өзінің сөзінде алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар көрініс тапқан Жолдаудың әр бағытына жеке – жеке тоқталып, ауданымыздың 2026 жылдан басталатын экономикалық – әлеуметтік даму үрдісіне негізделетін бірқатар тапсырмаларды айқындай отырып, нақты тапсырмалар берді.
Аудан активінің отырысында «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қорының төрайымы Елшібаева Бақытгүл Казезбайқызы мен аудандық мәслихат депутаты Қонысбаева Мира Асылбекқызына Мемлекет басшысының ұсынған жаңа бағыттарының өзекті және уақытылы екендігін атап, толықтай қолдайтындықтарын білдірді.