Отан алдындағы парыз – әр азаматтың қасиетті міндеті

Отан алдындағы парыз – әр азаматтың қасиетті міндеті

Құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары, қадірменді жастар! Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Әскери қызмет – тек қана борыш емес, бұл нағыз азаматтық ерліктің, тәртіп пен патриотизмнің мектебі.

Отанды қорғау өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты міндет болып табылады.

Әскери борышты өтеу – Отанға адал қызмет етудің айқын көрінісі.
Бұл – нағыз ер азаматқа тән жауапкершілік пен рухты қалыптастыратын маңызды кезең.

Сондықтан әрбір жас буынды әскери борышын өтеп, ел тірегі болуға шақырамыз.

 

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі