Жанашар ауылының жастары — халықаралық турнирде жеңіс тұғырында!

Жанашар ауылының жастары — халықаралық турнирде жеңіс тұғырында!

2025 жылдың 4–8 шілде аралығында Түркия елінде өткен халықаралық спорттық турнирде 28 елден келген 3000-нан астам спортшы бақ сынады. Осындай жоғары деңгейдегі жарыста Қазақстан намысын қорғаған Жанашар ауылының жас спортшылары ел абыройын асқақтатып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Жеңімпаздарымыз:

🥈 Болат Батыр — күміс жүлде (2 орын)
🥉 Абдурахман Береке — қола жүлде (3 орын)
🥉 Турганжанова Латифа — қола жүлде (3 орын)

Сонымен қатар, Саитов Сайфулла мен Құттыбай Жания өз салмақ дәрежелерінде 50 үздік спортшының арасынан суырылып шығып, үздік бестіктің қатарына енді.

Бұл жетістік — тек спортшылардың емес, сондай-ақ олардың артында тұрған мықты команда мен қолдаушы жандардың еңбегінің нәтижесі.

Жаттықтырушы Бекесов Дамирге — ерекше алғысымызды білдіреміз. Оның қажырлы еңбегі, мол тәжірибесі, әр шәкіртіне деген сенімі мен қамқорлығы – осы жетістіктің негізгі кепілі болды.

Ата-аналарға — терең тағзым! Балаларыңыздың жеңісі – сіздердің тәрбиелеріңіз бен қолдауларыңыздың жемісі. Сіздер нағыз батырларды тәрбиелеп отырған мақтаныш иелерісіздер!

Жанашар ауылы сіздермен мақтанады!
Жеңістеріңіз жалғаса берсін! Жолдарыңыз әрдайым ашық, армандарыңыз асқақ болсын!