Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Соңғы күндері ауа температурасының күрт жоғарылауына және ауыз суды тұтыну көлемінің айтарлықтай артуына байланысты (әсіресе жасыл желектерді суару мақсатында) аудандағы кейбір аймақтарда сумен жабдықтау жүйесінде қысымның төмендеуі байқалуда.

Осыған байланысты «Alatau Public Utilities» ЖШС ауыз суды ұтымды әрі тиімді пайдалану қажеттілігі жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

🔹 Жасыл желектерді суару тек түнгі уақытта — сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін ғана рұқсат етіледі.
Бұл тәртіп су жүйесіндегі жүктемені азайтып, барлық тұрғындарға үздіксіз және тұрақты су жеткізуге мүмкіндік береді.
Ауыз суды белгіленбеген уақытта суару үшін пайдалану — қысымның төмендеуіне және үйлерге су жеткізудің бұзылуына әкеліп соғады.

Бүгінде мекеменің техникалық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде:
• су жүйесіне гидравликалық модельдеу жүргізілуде;
• сорғы станцияларының жұмыс тәртібі қайта қаралып, оңтайландырылуда;
• жабу және реттеу арматуралары тексеріліп, қажет болған жағдайда ауыстырылуда;
• жасырын және ашық ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде;
• жедел бригадалар тәулік бойы халықтың өтініш-шағымдарына жедел әрекет етуде.

💧 Ауыз су — тіршіліктің негізі. Оны ұқыпты пайдалану — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Сумен қамтуда ақаулар туындаған жағдайда, тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметке хабарласыңыз:
📞 8 (72775) 41088