Құрметті Кәсіпкерлер

Құрметті Кәсіпкерлер

Конкурстың ұйымдастырушысы: «Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 3Б

Байланыс телефондары: +7 (7277) 22-06-83

Конкурстың мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі      №754 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.

Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін. 

Конкурстың түрі: Ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «KEZEKTE.KZ» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2025 жылғы «30» маусымнан бастап, 2025 жылғы «11» шілде қоса алғанда.

Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін  үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.kezekte.kz) сілтемесі бойынша беріледі.

Кәсіпкердің (Kezekte.kz) веб-порталы арқылы

электрондық өтініш беру тәртібі

«Kezekte.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;

3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.

«Kezekte.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:

1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

      2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

      3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.

Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.