«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде еліміздің әр өңірінде экологиялық ахуалды жақсарту және қоғамның экосана-сезімін арттыру мақсатында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акция аясында жүргізілген мониторинг барысында келесі жұмыстар атқарылды:
📍 Мониторинг нәтижелері:
1.Қоқыс үйіндісіне бару және фото/видео тіркеу
Мониторинг тобы ауыл шетіндегі бейберекет қоқыс тасталған аумаққа барып, нақты жағдайды тіркеді. Қоқыстар ретсіз үйілген, жану іздері анық байқалады.
2.Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу
Ауыл тұрғындары тарапынан иістің таралуы, жаз мезгілінде шыбын-шіркейдің көбеюі және түрлі аурулардың таралу қаупі жөнінде шағымдар айтылды.
3.Санитарлық жағдайға баға беру
Қоқыс алаңы санитарлық талаптарға мүлдем сай келмейді. Алаңда қоршау жоқ, қалдықтарды жинау мен басқару жүйесі қарастырылмаған.
4.Құқықтық ахуалды тексеру
Қоқыс үйіндісінің заңды мәртебесіне қатысты қажетті рұқсат құжаттары болмаған. Бұл мәселе бойынша аудандық әкімдікке және экология бөліміне ресми сауал жолданатын болады.
⚠️ Анықталған негізгі мәселелер:
•Рұқсатсыз, бейберекет қоқыс үйіндісінің болуы;
•Ауа мен топырақтың ластануы, қоршаған ортаға зиян;
•Санитарлық нормалардың өрескел бұзылуы;
•Тұрғындардың шағымдары және экологиялық қауіптің артуы.
✅ Қоғамдық кеңестің ұсыныстары:
1.Қоқыс үйіндісін толықтай жойып, жерді рекультивациялау;
2.Тұрмыстық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін енгізу;
3.Ауыл әкімдігі мен аудандық экология бөлімінің бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
4.Жергілікті халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
5.Бұл мәселені аудандық және облыстық деңгейдегі экологиялық комиссия отырысында қарастыру.
Бұл акция экологиялық мәселелерге бейжай қарамау және қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту арқылы тұрақты әрі таза орта қалыптастыру жолында маңызды қадам болып табылады.