Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні аудан әкімдігінің Жұмыс тобының мүшелері Асы, Малыбай және Шелек ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, соның ішінде мемлекеттік қызмет алу кезінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта құру бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді.

         Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты мүгедектігі бар тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде олардың келуіне бейімделген. Тұрғындар мен қонақтардың электрондық мемлекеттік қызметтерді жайлы алуына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Балалар үшін «балалар бұрышы» ұйымдастырылған.

Асы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында нашар еститін және саңырау адамдарды, сондай-ақ арбадағы мүгедектерді, нашар көретін адамдарды шұғыл эвакуациялау сызбасы жоқ; Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратында пандустың үстіне шатыр салу қажет.      

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың ғимараттарында тұрғындар мен қонақтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

      Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылау бекеті құралы бойынша бақыланатын болады.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі