Құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Есік – Саймасай бағытындағы (Алтын Адам көшесі) облыстық маңыздағы автожолда күрделі жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлайды.

Осыған байланысты, 2025 жылдың 26 мамырынан бастап бір ай мерзімге, Құлжа тас жолынан бастап ҮАК-ға дейінгі жол бөлігі толықтай жабылады.

Аталған шектеулер — жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында енгізіліп отыр. Көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды пайдалануды сұраймыз.

Айналма жол бағыты мынадай болады:
ҮАК — Бөлек ауылы — Талғар тас жолы.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Баршаңыздан түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!