Мемелбеков Мақат Темерғалиұлы
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының басшысы
Общая информация, образование
Мемельбеков Мақат Темірғалиұлы 1988 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес мамандықтары бойынша бітірген.
Карьера
- Еңбек жолын 2011 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылы Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.
- 2012-2013 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
- 2013-2014 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
- 2015 жылдан 2016 жылға дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
- 2016-2018 жылдар аралығында Алматы облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының әкімшілік - құқықтық бөлімінің басшысы.
- 2018-2020 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.
- 2020-2021 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің басшысы.
- 07.06.2021 бастап қазіргі уақытқа дейін - "Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты" ММ-нің басшысы, Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.