Еңбек заңнамасын сақтау – тек заң талабы ғана емес.

Еңбек заңнамасын сақтау – тек заң талабы ғана емес.

Қазақстанда еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі арқылы реттеледі. Бұл құжат жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы құқықтар мен міндеттерді айқындайды. Еңбек заңнамасын сақтау – тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылық пен әділ еңбек қатынастарының кепілі. Алайда тәжірибеде заң талаптарын бұзу фактілері әлі де кездеседі. Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда
Өндірістегі жазатайым оқиғалар көбіне еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болады. Мұндай жағдайда жұмыс беруші тек әкімшілік емес, ауыр зардап туындаса қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшыны сақтандыру – әр жұмыс берушінің тікелей міндеті.
Осы және басқа да өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары Абданбаева Раушан Тоқтасыновна және Асылова Гульназ Абуловна түсіндірме жұмыстарын "Қарасай құрылыс" ЖШСте жүргізді