Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің әдеп жөніндегі уәкілі Алшынбаева У. Комитет төрағасы Ахметов М.М.-нің қатысуымен департамент қызметкерлерімен онлайн форматта кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтік мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ ұжымда өзара сыйластық пен сенімге негізделген достық қарым-қатынасты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындаудың маңыздылығы, әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби жауапкершілігі мен қоғам алдындағы беделін арттыруға бағытталған қағидаттар атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта да осындай түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетіні айтылды.