
Алматы облысы, Талғар қаласындағы «PTZ» ЖШС мекемесінде жоспардан тыс тексеру аясында мемлекеттік еңбек инспекторы Асанова Эльвира Аязбековна қызметкерлер мен ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.
⚖️ Кездесу барысында еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері, қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері талқыланды.
🛠 Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі талаптары мен өндірістік жарақаттардың алдын алу шаралары қарастырылды.