Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен ұйым қызметкерлері мен өкілдерімен кездесу өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен ұйым қызметкерлері мен өкілдерімен кездесу өткізілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторы Абданбаева Раушан Токтасыновна еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары қарастырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы Асылова Гульназ Абуловна еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізіп, қызметкерлердің құқықтарын, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.