Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ағымдағы жылдың 28-30
мамырында, Астана қаласында, «EXPO» Халықаралық Көрме орталығында,
«KIOSH 2025» Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші
Қазақстандық халықаралық конференциясын және көрмесін өткізді.
«KIOSH 2025» аясында Конференция, көрме, B2B кездесулер, Көрменің
іскерлік бағдарламасы, оның шеңберінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік
қауіпсіздік мамандарына арналған практикалық воркшоптар, тренингтер мен оқыту
семинарлары да өтті.
«KIOSH 2025» көрмесінде негізгі экспозициядан басқа демонстрациялық
алаң іске қосылып, онда нақты уақыт режимінде биіктік жұмыстары бойынша
жаттығулар және арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын көрсетуге арналған
платформада болды.
Конференцияның негізгі мақсаттарының бірі өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Қазақстанның салалық мемлекеттік
органдары басшылары, негізгі халықаралық Қауымдастықтар басшылары және
еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы танымал халықаралық
сарапшылары қатысты.