Алматы облысының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы

Алматы облысының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы

Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 32-149 шешімімен Алматы облысының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді.

Стратегияда 5 негізгі стратегиялық бағыт айқындалды: теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, халыққа қол жетімді инфрақұрылым, халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу.

Стратегияны іске асыру алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басымдықтарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы стратегияны іске асыру шеңберінде 504 іс – шараны қамтитын Жол картасы әзірленді, оның ішінде облыстық басқармалар бойынша – 361 іс-шара, аудандар және Қонаев қаласы бойынша – 143 іс-шара.