2025 жылға арналған бағдарламаның шарттары:
Бюджеттік кредиттер:
* тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-келген мамандарға бюджеттік несие:
Ауылдық аудан орталықтарына - 2500 АЕК, бұл 9 830 000 теңгені құрайды.
Ауылдық елді мекендерге - 2000 АЕК, бұл 7 864 000 теңгені құрайды.
* Қарыздың ең ұзақ мерзімі: 15 жыл.
* Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 1% мөлшерінде
Көтерме жәрдемақы: 100 АЕК сомасында
Бұл бағдарлама кімдерге арналған:
Бағдарламаға келесі мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі, техникалық, кәсіптік немесе жоғары білім дипломы бар ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандар қатыса алады:
* Денсаулық сақтау саласы мамандары
* Білім беру саласы мамандары
* Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандары
* Мәдениет саласы мамандары
* Спорт саласы мамандары
* Агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандары
* Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері
Қалай өтініш беруге болады:
"Дипломмен - ауылға" жобасына қатысу үшін порталға тіркелу қажет оtbasybank.kz және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен өтінімге қол қою.
Маңызды ақпарат:
Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтардан сұранысқа ие қызметкерлердің тізбесін қалыптастырады. Мемлекеттік колдау дәл осы тізім шеңберінде көрсетілетін болады.
"Дипломмен - ауылға" бағдарламасының операторы Отбасы банкі болып табылады.