"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ақпарат

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ақпарат

2025 жылға арналған бағдарламаның шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы: 2500 АЕК, бұл 9 830 000 теңгені құрайды.
  • ⁠Қарыздың ең ұзақ мерзімі: 15 жыл.
  • ⁠Сыйақы мөлшерлемесі: барлығы 0,01% (ЖТСМ 0.01%)

Бұл бағдарлама кімдерге арналған:

Бағдарламаға жоғары білімі бар ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген  келесі мамандықтар бойынша дипломы бар  қазақстандықтар қатыса алады:

  • Денсаулық сақтау мамандары
  • ⁠Білім беру мамандары
  • ⁠Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары
  • ⁠Мәдениет мамандары
  • ⁠Спорт мамандары
  • ⁠Агроөнеркәсіптік кешен мамандары

  Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері

Қалай өтініш беруге болады:

“Дипломмен - ауылға” жобасына қатысу үшін порталға тіркелу қажет otbasybank.kz және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен өтінімге қол қою.

Маңызды ақпарат:

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтардан сұранысқа ие қызметкерлердің тізбесін қалыптастырады.

Мемлекеттік қолдау дәл осы тізім шеңберінде көрсетілетін болады. “Дипломмен - ауылға” бағдарламасының операторы Отбасы банкі болып табылады.