Ағымдағы жылғы 3 мамыр күні Алматы облысының діни бірлестіктері арасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған шағын футбол бойынша турнир ұйымдастырылды.
Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында өткен спорттық іс-шара исламдық, православтық, католиктік, баптистік және пресвитериандық діни сенімді ұстанушылардың басын қосты. Сайысқа әртүрлі дін өкілдерінен құралған жалпы саны 8 команда қатысты.
Дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған тартысты ойын барысында қатысушылар достықтың ерекше үлгісін көрсете білді.
Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен турнир нәтижесі бойынша өзгелерден басып озған жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар, ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Бұдан бөлек, іс-шара соңында турнир қатысушылары мерекелік дастарханда бас қосты.