2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында Алматы облысы Дін істері басқармасының тапсырысымен «Адам және қоғам» мемлекеттік емес ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен облыс имамдарының біліктілігін арттыруға арналған 5 күндік оқыту курсы өтті.
Курстың мақсаты: Имамдардың кәсіби деңгейін арттыру, жамағатпен жұмыс істеудің заманауи әдістерін меңгеру, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған тиімді әдістерді қолдану.
Курс барысында имамдарға елімізге танымал, дін саласының білікті мамамандары дәрістер оқып, имамдар өз біліктіліктерін арттырды.
Аталған оқыту курсы – өңірдегі дін қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін нығайтып, елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.