Ағымдағы жылғы 30 наурыз күні Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы мүшелерінің «Ораза айт» мерекесіне орайластырылған кездесуі өтті.
Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі «Ораза айт» мерекесіне орай Қонаев қаласындағы «Қапшағай» мешітінде дастархан жайып, клуб мүшелерінің басын қосты.
Мерекелік дастархан басында православтық, католиктік, елуіншілік және пресвитериандық діни бірлестіктер өкілдері мұсылман қауымына құттықтау сөздерін жеткізіп, дінаралық татулықтың үлгісіне айналған клуб қызметін айрықша атап өтті.
Алматы облысы Дін істері басқармасы мен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының өкілдері де қатысушыларды «Ораза айт» мерекесімен құттықтап, қоғамдағы конфессияаралық диалогтың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара барысында клуб мүшелері өңірдегі діни ахуалға қатысты өз ойларымен бөлісті.