«Этно Ауыл» шарасы өтті

«Этно Ауыл» шарасы өтті

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні, Алматы облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Этно Ауыл» жобасы аясында ерлер жамағаты арасында "Ғұндар этно ауылы" демалыс орнында ерлер жамағаты арасында 2 күндік іс шара өтті.


Шараға қатысушылар қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрімен танысып, рухани байып қайтты.


Жоба аясында «Шашу» рәсімін бауырсақ пісіруден шеберлік сағаты, ұлттық тәттілерді тарату «Джигитовка» ат үстіндегі шоуы, «Атпен аударыспақ» және «Қыз қуу» ұлттық ойындары, «Қара жорға» биін орындау (қонақтардың қатысуымен флеш-моб). Атқа міну сынды көріністер орын алды.


Шара барысында теолог Қойшыбаев Айбар Асхатбекұлы және дінтанушы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы шараға қатысқан жамағатқа рухани сұхбат құрды. Шараға 40-қа жуық адам қатысты.