
Есептік кезеңде Алматы облысы Дін істері басқармасының бастамасымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу бағытында облыс имамдарына арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – облыс имамдарының кәсіби біліктілігін арттыру, жамағатпен жұмыс жүргізуде заманауи әдістемелік тәсілдерді қолдану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ діндар қауым арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу.
Семинар барысында тәжірибелі дәріскерлер мен дін саласының сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, іс-шара аясында имамдар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Оқыту семинары имамдардың кәсіби әлеуетін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстың тиімділігін күшейтуге ықпал етті.