
2026 жылғы 22 мамырында Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу бағытында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – құқық қорғау саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін күшейту, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік дағдыларды жетілдіру.
Іс-шара барысында қатысушыларға:
🔹 діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу тетіктері;
🔹 деструктивті діни идеологияның таралуының алдын алудағы психологиялық және конфликтологиялық тәсілдер;
🔹 мемлекеттік саясат пен заңнамалық негіздер;
🔹 қоғаммен тиімді коммуникация орнату бағыттары бойынша дәрістер мен тәжірибелік тренингтер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ семинар аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудегі заманауи тәсілдер, әлеуметтік желілердегі қауіптердің алдын алу және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Оқыту семинары тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.