Алматы облысында теологтарға арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

Алматы облысында теологтарға арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

2026 жылғы 20-21 мамыр аралығында Алматы облысы Дін істері басқармасының бастамасымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы теолог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – дін саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін күшейту және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту.

Іс-шара аясында қатысушыларға келесі бағыттар бойынша дәрістер мен тәжірибелік тренингтер ұйымдастырылды:

– деструктивті діни ағымдардың алдын алу тетіктері;
– діни ахуалды талдау әдістері;
– дін саласындағы мемлекеттік саясат пен заңнамалық негіздер;
– қоғаммен тиімді коммуникация орнату тәсілдері.

Сонымен қатар, семинар барысында дін саласындағы ақпараттық-талдау жұмыстарында жасанды интеллект технологияларын қолданудың өзекті мүмкіндіктері талқыланды.

Оқыту семинары тәжірибе алмасуға, мамандар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етті.