
Ағымдағы жылғы 26 наурызда облыстық Дін істері басқармасының басшысы Е. Көшеке мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Қызметкерлерге қызметтік міндеттерді адал әрі ашық орындаудың маңыздылығы, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, жиында ұжым арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту бағытындағы шаралар қарастырылды.
Басқарма басшысы әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне ерекше тоқталып, заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертті.
Іс-шара соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жалғасын табатыны атап өтілді. Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және ашықтық қағидаттарын сақтау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.