«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес 2026 жылғы 26 наурыз - 20 сәуір аралығында Алматы облысының Дін істері басқармасы, оған бағынысты Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы және Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті діни ағым ұстанушыларын оңалту орталығы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілетін болады:
- Басқарма және Орталықтар қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастыру-басқару қызметінде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайд сіз мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 7471358184, Мухамет Мағжан Сарсембайұлы, Діни бірлестіктермен жұмыс және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы.